Қабылдау ережесі

Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне оқуға қабылдау ережесі

Жалпы ережелер
1.Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне оқуға қабылдау ережесі (бұдан әрі — ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне оқуға қабылдау тәртібі белгіленеді.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне оқуға түсу кезінде ҚР Заңының 26 бабының 8 тармағымен анықталған тұлғалар үшін қабылдау квотасы қарастырылады.
«Білім туралы»

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар үшін қабылдау емтихандарын тапсыру нысанын Жамбыл политехникалық жоғары колледжі белгілейді..
Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне оқуға қабылдау тәртібі
Құжаттарды қабылдауды және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде азаматтардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушыларды қабылдау үшін, білім беру ұйымының басшыларынан қабылдау комиссиясы құрылады, комиссия өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды
Қабылдау комиссиясының құрамына төраға, жауапты хатшы, қабылдау комиссиясының мүшелері кіреді.

Қабылдау нәтижелері туралы ақпарат оқуға түсушілердің назарына күндізгі оқу бөліміне 30 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 30 қыркүйекке дейін қабылдау комиссиясы ақпараттық стендтерде немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарында орналастыру арқылы жеткізіледі.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде оқу үшін тұлғалардың өтініштерін қабылдау:
1) орта буын мамандарын даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, сырттай оқу нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында, «Дизайн» мамандығы бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында.

Оқуға түсушілердің өтініштері білім беру ұйымдарының тіркеу журналдарында оқу нысандары бойынша тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдардың түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын (Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан ағымдағы жылдың түлектері) ұсынған тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары:
1) жалпы орта білім үш пән бойынша (Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пәнмен өткізіледі.)

2) негізгі орта білім — негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пәнмен өткізіледі);

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімге әңгімелесу түрінде өткізіледі

Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтініштеріне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі Ережедегі қосымшаға сәйкес айқындалады.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне «Дизайн» және «Сәулет» мамандығы бойынша оқуға түсуші тұлғалар шығармашылық емтихандар тапсырады.
Шығармашылық емтихан бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе дәлелсіз себептермен келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.

11-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар адамдар үшін түсу емтихандарының нысанын тестілеу немесе пәндер бойынша емтихандар білім беру ұйымы белгілейді.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне түсу тестілеу түрінде жүргізіледі.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін қабылдау емтихандары өткізіледі:
* күндізгі нысанға 20 маусымнан 20 тамызға дейін,

* сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін,

«Дизайн» мамандығы бойынша 20 маусымнан 20 шілдеге дейін.
Қабылдау емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының (сұрақтардың) саны 25; әрбір тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша — 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін бірден ілінеді; тестілеу нәтижелері оны өткізу күні хабарланады.

2) Бағалау пәндері бойынша емтихан нысанында»3″, «4», «5», қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдарға қабылдау комиссиясы келесі шкала бойынша ауыстырылады: «3»- 8 балл, «4»- 17 балл, «5»-25 балл

Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) және пәндер емтихандарын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында білім беру ұйымы апелляциялық комиссия құрады
Апелляциялық комиссияның құрамына апелляциялық комиссияның төрағасы, хатшысы, мүшелері кіреді.

Пәндер бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға өтініш бере алады.

Апелляцияға өтініш тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін апелляциялық комиссияға беріледі және апелляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен бір күн ішінде қарайды

Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссияның жұмысы хаттамалармен ресімделеді, оған төраға және комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

Пәндер бойынша тестті қайта тапсыруға жол берілмейді.
Білім алушылар құрамына қабылдау
Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттардың балдары негізінде; білім беру ұйымы өткізген тестілеу нысанында нәтижелері бойынша алынған балдар негізінде өткізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген, Ереженің 11-тармағына сәйкес үш пәннен балл сомасы ескеріледі.

Конкурс шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын игеруге неғұрлым қабілетті және дайындалған азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына — 25 тамыздан 30 тамызға дейін;

2) сырттай оқу түріне-15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін.

Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, кәсіптер бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.

Колледж жайлы

Мекен-жайымыз

Жамбыл обл., Тараз қ.,
Домалақ ана 268,
Төле би 66.

8(7262) 54 28 38,
8(7262) 43 74 85
college@jpk.kz

ДС — СБ 9:00 — 17:00

Біз әлеуметтік желіде

Студенттер үшін

Zhambyltipo.kzЖамбыл облысы білім басқармасының автоматтандырылған білім беру жүйесі

Кіру