kk
info@jpk.kz 8(7262) 54 28 38 - 43 74 85
/ Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы
«zhambyltipo.kz» автоматтандырылған платформасы
 
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру

Қызметті онлайн алу

  1. zhambyltipo.kz порталында авторизациядан өтіп басты бетте мемлекттік қызметтер мәзірінен «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз.
  3. Жеке кабинетте («Өтініштер» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады және zhambyltipo.kz автоматтандырылған платформасынан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі.
  2. Өтініш.
  3. Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.

Ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі.
  2. Өтініш.
  3. Туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі.

Әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі.
  2. Өтініш.
  3. Әскери қызметке шақыру туралы қағаз.

Бала 3 жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі.
  2. Өтініш.
  3. Туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлік) құжаттар.