ТжКБ ұйымдарына құжаттар қабылдау

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

 

  • Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:

     

    • оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20-маусымы мен 25-тамызы аралығында,
    • оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20-маусымы мен 20-қыркүйегі аралығында,
    • өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20-маусымы мен 20-шілдесі аралығында құжаттар қабылдау жүреді.
  • Қажетті құжаттар тізімі:

     

    1. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы
    2. 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет
    3. № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама(I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін № 088-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы)
    4. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжат(осы санатқа жатса)