Сайт Jpk.kz будет заблокирован с 30.01.2021 — 00:00!

Тел.: +7 7262 54 28 38
Email: info@jpk.kz

ZHPHC

Басты бет —> Колледжге құжаттар қабылдау

Колледжге құжаттар қабылдау

Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

I) 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін:
күндізгі оқу нысанына — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығы;
сырттай (кешкі) оқу нысанына — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;
өнер және мәдениет мамандықтары бойынша — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығы;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығы, оқудың кешкі нысанына — күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығы;

II) 3 жұмыс күні

III) 5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  2. білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3. 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
  4. № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы және № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;
  5. жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушылар — шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

  • шетелдік — шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
  • азаматтығы жоқ тұлға — азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • босқын — босқын куәлігі;
  • пана іздеуші тұлға — пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • оралман — оралман куәлігі.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;
  2. оралман мәртебесі туралы құжат;
  3. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. туу туралы куәлік — көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
  3. қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
  4. мүгедектігі туралы анықтамалар — мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы — даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
  5. өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар — атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
  6. табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) — мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытының еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, білікті жұмысшы кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде оқитын студенттер үшін:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. оқу орнына қабылдау туралы бұйрық.

2,3,4-тармақтарда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

Виртуальный ассистент