Сайт Jpk.kz будет заблокирован с 30.01.2021 — 00:00!

Тел.: +7 7262 54 28 38
Email: info@jpk.kz

ZHPHC

Басты бет —> Есептеу техникасы

 

Есептеу техникасы

Гүлмира Суюндыкқызы Тайлиева  — Есептеу техникасы бөлімінің меңгерушісі

Телефон: 87059039386

Email: g.taylieva@jpk.kz

1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Мамандықтың жалпы сипаттамасы
1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының біліктілік сипаттамасы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 273-од бұйрығымен бекітілген.

ҚР МЖ 5.06-2008 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуіші бойынша біліктілік:
1304043-Техник-программист
1304000 — «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру нысаны»:
— күндізгі;

Күндізгі оқу нысаны кезіндегі нормативтік мерзім.
Жалпы білім беру қабылдау базасы:

— негізгі орта білім беру;
— жалпы орта білім беру;
— техникалық және кәсіптік білім.

1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»маманының кәсіби қызметінің объектілері.
Орта буын маманы техник-программистінің кәсіби қызметінің объектілері болып табылады.:

— бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің технологиялық әдістері мен құралдары, тестілеу, бағдарламаларды іске асыру және сүйемелдеу.

Мамандықтың кәсіби қызметінің түрлері

1304000 — «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»»

Біліктілігі орта буындағы маманның кәсіби қызмет түрлері: техник-программист
— математикалық модельдер мен алгоритмдерді талдау негізінде бағдарламаларды әзірлеу, қойылған міндеттерді есептеу техникасы құралдарымен орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету, оларды тестілеу және баптау.

Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде біліктілігі жоғары деңгейлі маман
тиіс:

-тұтас оқу-тәрбие процесі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес базалық құзыреттілікке (БК) ие болу.